Текст
Қарашаның 27 - жұлдызында тілдер апталығына орай 7-сыныптар арасында қазақтың бір туар тұлғасы «А.Байтұрсынұлының қырық мысалы несімен құнды? » тақырыбына онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде оқушылар баяндама оқып, Ахмет Байтұрсынұлының аударма мысалдарының құндылығы ,тәрбиелік мәні , аудармашы ретіндегі шеберлігі жайында сөз қозғады. Баяндама оқыған оқушылар: 7 «Ә» сынып оқушылары Уахит Алуа, Қайыргелді Диана, 7 «Б» сынып оқушысы Сабек Айзат, 7 «Е» сынып оқушылары Бекжан Айша, Буканова Асылжан, Сағындық Алишер.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырып өткізген қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бришева М.А.