АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі бойынша 2023 жылы атқарылған мемлекеттік қызмет бойынша есеп

Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі бойынша 2023 жылы атқарылған мемлекеттік қызмет бойынша есеп.

1. Жалпы ережелер:

1) Мемлекеттік қызмет көрсетушілер туралы мәлімет: «Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі» КММ. Заңды мекен-жайы Көкшетау қаласы, Саин көшесі, 24а.

2) Мемлекеттік қызмет туралы мәлімет: Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі бойынша 2023 жылы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын баларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау

2023 жылы жалпы  518 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру мемлекеттік қызметі 76 оқушыға көрсетілді: қала сыртындағы демалыс орталығына 26 оқушы, мектеп жанындағы демалыс орталығына 50 оқушы жолдама алды.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік қызметімен 151 оқушы қамтылды.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік қызметін 125 өтініш беруші алды.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын баларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметіне өтініш білдірушілер болған жоқ.

Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызметі 4 өтініш берушіге көрсетілді.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі 162 өтініш берушіге көрсетілді.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы мәлімет:

Мектеп-лицейінде ең сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

Мемлекеттік қызметті алушылармен атқарылатын жұмыстар::

1) Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен стандарттары http://sh18.edu.kz ресми интернет-ресурсының  «Мемлекеттік қызмет» парақшасында орналастырылған. Сондай-ақ, мектеп-лицейінің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен стандарттары орналастырылған стендтер бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

 Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).

2023 мектеп-лицейінде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалармен келесі іс-шаралар өткізілді: БАҚ және әлеуметтік желі парақшаларында 5 мақала жарық көрді, 2 дөңгелек ұстел өткізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша іс-шаралар

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп-лицейі Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің АРМ жүйесі қызмет жасайды.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар болған жоқ

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу немесе негізсіз бас тартулар болған жоқ.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5) Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы мектеп-лицейі жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

 

 

 

 

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 18:19
Құрылған күні: 29.02.2024 18:20

Текст