Текст
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар күніне орай қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы арасында "Үздік кәсіподақ ұйымы" атты онлайн-конкурс жарияланған болатын. Конкурс қорытындысы бойынша " С.Жүнісов атындағы №18 ОМЛ" жеңімпаз атанып, төрайымы Кенжебаева Аида Бақытжанқызы облыстық сайысқа жолдама алды. Аида Бақытжанқызына сәттілік тілейміз.