АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес

19.08.2020
          2020 жылдың 18 тамызында республиканың барлық  мектептерінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен педагогтарды  хабардар ету мақсатында  «2020-2021 оқу жылында оқу  процесін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша педагогикалық кеңестер өткізілді.  Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі онлайн режимінде өткен өзінің педагогикалық кеңесінде осы жылғы оқу форматы, санитарлық ережелер мен оқушыларға қолайлы жағдай жасау туралы сұрақтарды талқылап, келесі шешім қабылдады:
1. 2020-2021 оқу жылы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптарды штаттық форматта, мектепалды даярлық топтарда, 1-11 сыныптарда қашықтан оқу процесі ұйымдастырылсын.
2. Қашықтан оқу кезінде мұғалімдердің жұмыс орны, техникалық дайындық ережелері сақталсын.
 3. Қашықтан өткізілетін сабақтар келісілген алгоритм бойынша өткізілсін.
 4. Педагог имиджі және этикеті сақталсын.
5. Қашықтан оқу процесі Онлайн мектеп платформасы арқылы өткізілсін.
 6. Белгіленген нормаларға сай бағалау жүргізілсін.
7. баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға ынталандыруға арналған  педагог-психологтің кеңес –жадынамалары ескерілсін.
Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст