Текст
Салаутты өмір салты бағытында тұмауға қарсы күрес жөнінде мектепте тәрбие іс-шаралары өтілді.
Мектеп медбикесі Муканова А.А. мектеп оқушыларына «Тұмау және оның асқынуы» тақырыбында семинар өткізді. 5-7 сыныптар аралығында «Тұмау туралы не білесіз» деген тақырыпта викторина өтіп, шығарма жазды.
Оқушылар викториналық сұраққа жауап бере отырып, тұмаудың таралу жолын, жұқпалы ауру екенін, оның қауіптілігі, және одан емделу жолдары туралы білгендерін айтты.
1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Бейнелеу сабағының мұғалімдері «Назар аударыңыз,Тұмау» деген тақырыпта 5-6 сынптарда сурет конкурсы өтті.