Текст
Салауатты –өмір салты орталығының маманы А.Е. Кульбаева 9-сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы» атты тренинг сабақ өткізді. Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өткізілген тренинг өте жоғары деңгейде өтті. Репродуктивтік денсаулыққа әсер ететін факторлар мен жоспарланбаған жүктілік жайлы мәліметтер көрсетіліп, ойындар ойнатылып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.