Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде №13 мектеп гимназиясында Қазақстан Республикасы халқының бірлігі күнінің қарсаңында Біріңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына білім алушылардың салтанатты қабылдану рәсімі өтті.
Мемлекеттiң бүгiнi мен ертеңiне жауап беретiн азамат eкенін таныту, қоғамдық, көпшiлiк жұмыстарға тарту арқылы бала ойындағы мүмкiндiктердi ашу, отанын қорғауға дайындық, саналы бiлiм алуын қалыптастыру, жолдастарын, достарын қадiрлеуге үйрету, ұлттық рухты бойына сiңiрген, елжанды, отансүйгіш азаматтың «мен» тұлғасын қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан шараға, мектебіміздің белсенді оқушылары, оқу озаттары, пәндік олимпиада, ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары қабылданды. Жиын барысында оқушыларға мойындарына көгілдір галстук пен төсбелгілері тағылып, «Жас Ұлан» ұйымының анты мен ұраны айтылып, гимні шырқалды.
«Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушылардан болашақта елін, жерін сүйетін, Отанын қорғайтын азамат пен азаматшалар шығады деген ойдамыз. Мұндай игі шара әліде жалғасын табады деген ойдамыз.