С. Жүнісов атындағы №18 орта мектеп – лицейінде ағымдағы жылдың 15 желтоқсанда «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті.
Мемлекеттiң бүгiнi мен ертеңiне жауап беретiн азамат eкенін таныту, қоғамдық, көпшiлiк жұмыстарға тарту арқылы бала ойындағы мүмкiндiктердi ашу, отанын қорғауға дайындық, саналы бiлiм алуын қалыптастыру, жолдастарын, достарын қадiрлеуге үйрету, ұлттық рухты бойына сiңiрген, елжанды, отансүйгіш азаматтың тұлғасын қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан шараға, мектебіміздің белсенді оқушылары, оқу озаттары, пәндік олимпиада, ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары,оның ішінде Жас Ұлан ұйымына 19 оқушы, ал Жас Қыран ұйымына 8 оқушы қабылданды. Салтанатты жиынға Көкшетау қаласының жоғары колледжінің алғашқы әскери дайындығының оқытушы-ұйымдастырушысы Сейтқасымов Ербол Асылбайұлы, Қөкшетау қаласы Қорғаныс Істері жөніндегі басқармасының аға сержанты Мустафин Нурлан Жанатұлы, Ауған соғысының ардагері ЭКОС мектеп-гимназиясы әскери дайындығының мұғалімі Коростиль Сергей Михайлович, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген нұсқаушысы, №16 орта мектебінің әскери дайындық пәнінің мұғалімі Букин Виктор Владимирович қатысты. Жиын барысында оқушыларға мойындарына көгілдір галстук пен төсбелгілері тағылып, «Жас Ұлан» ұйымының анты мен ұраны айтылып, әнұраны шырқалды