«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталды.
Біржан сал Қожағұлұлындай тұлғаның есімі жас ұрпақ, жас жеткіншектердің санасында қалу үшін С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінде «Аққуға үн қосқан – Біржан сал» атты музыкалық-әдеби монтаж өтті.
Біржан – Сегізсері, Орынбай сынды өнер иелерінен тәлім алып, Абаймен Семейге арнайы барып кездесуі, Сара ақынмен Талдықорған жерінде айтысуы туралы көптеген мәліметтер тыңдармандарға айтылды.
Заманының әділетсіздігіне , зорлық- зомбылығына наразы Біржанның үні аспандағы аққуға үн қосқаны мәлім, халық
композиторының өлеңдері оқылып, әндері шырқалып, кино фильмінен үзінділер көрсетілді. Оқушылар зор ықыласқа бөленді.
Ақмола облысындағы Еңбекшілдер ауданының «Жер шоқтығы - Көкшетау» деп жырлап өткен ақиық тұлға Біржан сал атымен аталуы құтты болсын!