Текст
Жасөспірімдер өміріндегі буллинг, кибербуллинг пен қорқыту, мектептегі буллингті анықтауға және алдын алуға байланысты кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскелік аға инспекторы полиция капитаны Турсынбаева Назира Каппасовна балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қысым көрсетушілік буллинг,бопсалауға көзқарастары мен ой-пікірлерін білу және анықтау мақсатында білім алушылар арасында анонимді түрде сауалнама жүргізді. Алынған сауалнама нәтижесінде білім алушылар арасында балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қысым көрсетушілік, буллинг,бопсалауға қатысты көзқарастары мен ой-пікірлері қалыптасқан. Оқушылар арасында зорлық-зомбылық пен қысым көрсетушілік, буллинг, бопсалау фактілері анықталған жоқ.