АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АТТЕСТАЦИЯ ДЕЙСІЗ БЕ?

04.03.2024
АТТЕСТАЦИЯ ДЕЙСІЗ БЕ?
Аттестация деген тақырып басынан бақайына дейін сорғалаған жаңалық болды ғой бұл:) Білуімше медицинада да, құқық қорғау органдарында да бар болуы керек осыған ұқсас. Бірақ шулайтын тек біз. Енді ше? Жыл сайын өзгеріс. Сұлаңқы тұрақты сұлбасы жоқ. Ылғи түзетілген, күшін жойған абзацтар. Жақын күні жыр болған 83-ші бұйрықтың өзгерісі ашық талқылауға ілінді. Оған тағы да шыр-пыр да, шыж-быж да пікірін білдіріп бағуда. Бірен-саран пікір болмаса сараптамалық пост әлі оқымадым. Аттестацияға қатысты аналитикалық талдау жазғым-ақ келген. Бірақ мұқым аттестацияның жағдайы жарты бет фейсбук парақшама сыймайды-ау:))
Кімнің тест тапсыратынын, тапсырмайтынын, қандай өзгеріс енгізілетінін танысып болған шығарсыздар бүгінде. Тағы қайталап жазудың қажеті шамалы шығар. Онда мұғалімдердің даурығып жүргені не? Біреуге ақыл-кеңес айтатындай тәжірибем жоқ. Әсіресе аттестацияның артында тұрған үлкен комиссияға. Дегенмен мектептің қазанында қайнап жүрген менен де бір ұсыныс, бір пікір болсын. Әлеуметтік желіні былтырғы жылдың сәуірінен бастап ерінбей қарап шықтым. “Шеберлер мен зерттеушілер тест тапсырудан босатылады” деген сөздер бірнеше кездесуде айтылды. Ешқандай мұғалім барып бұл сөзді сұрап алмады. Ендігі өкпе-реніш те орынды сияқты. Менің ұсынысым болсын шеберлерді, 30 жыл еңбек өтілі барларды және зерттеушілерді қайта дәлелдеу кезеңінде тесттен босату жайы қолдау тапса. Бұл министр сөзі! Мұны мұғалімдер тест тарсырудан қашуда деп емес, уәденің орындалуында деп түсінген жөн.
Ал, басқа өзгерістеріне толық келісемін. Мектеп директорының орынбасары неге тест тапсырмауы керек? Бүкіл ұжымды ерткен, әрқайсысының артында үлкен армия тұр. Олардың заңды білуі, өзінің басшылыққа алатын бұйрықтарын жатқа білуі міндетті. Онсызда мектепте профтар аз. Есесіне мұғалімдікті жай нан табу құралы ретінде көретіндер көп. Білім мен білікті жетілдіруге тырысатындар санаулы. Дәл сол топтағыларға дұрыс болды. Енді санаттан тек жылына бір-ақ рет өтеді. Алайда осы тұста тек мектеп басшыларына тағы бір бас ауру, өзекті мәселе қалқып шықты. Әр жиналыс сайын мезгілінде санатқа өте алмаған, еңбек өтілі 10, 15, 20 жыл болса да санатсыз, тестке бірнеше рет кірсе де құлап қала беретін мұғалімдер үшін орнымыздан тұрып тұратын жағдайымыз бар. Заңда “санатқа 5 жылда бір рет өтуі міндетті” десе де не жұмыстан шығара алмайсың, не тесттен өткізе алмайсың… Мойныңда жүреді ілініп. Мұндайларға қайтпек керек? Осы тұсқа да үлкен маңыз берілсе. Себебі баланың білімі, тіпті тағдыры қолында тұрған мұғалімді неге мектеп асырауы керек? “Мен біліксізбін”, “өз пәнімнен тесттен өте алмай жүрмін, санатсызбын” деп мұңайған әріптес көрмедім.
Жалпы аттестациядағы өзгерістер биыл басталған дүние емес. 2016 жылдан бері бұл заңға он рет түзету енгізіліпті. Бұны да көрейік. Алғашқы нұсқасы мен қазіргі нұсқасын зерттеп көрдім. Қырық жамау. Ендігі ұсыныс пен пікірді сауатты білдірейік, әріптестер! Шұғыл шаралар қабылдасын!
Министр өз ұсынысын жұмыс тобына беруге құқылы. Оны көп болып қабылдау парыз. Министрмен кездесуде болғанымда ол о, баста кез-келген өзгерісті көпшілікпен ақылдасып шешемін деген. Енді кәсіби пікір білдіру біздің міндет. Негізгі мақсат білімнің сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің кәсібилігі мен сабақты сапалы жүргізе білуі маңызды.
Толық ақпаратты осы сілтеме арқылы өтіп, оқ аласыз: https://www.facebook.com/100007620699087/posts/3577166709213984/?mibextid=WC7FNe
 
 
 
 
 
Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст