Текст
Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде тарих апталығының қарсаңында тарих пәні мұғалімі Борамбай Мадияр Ғаниұлы 5 “Д” сыныбымен «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: сақ туралы жазған грек ғалымдарын анықтау; сақтар туралы жазған авторлардың пікірін сипаттау; сақ тайпаларының қоныстануы туралы дереккөздердің ерекшеліктерін айқындау. Сабаққа оқушылар белсене қатысып, сұрақтарға жауап берді.