22.09.2023
2023 жылдың 21 қыркүйегінде Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының сұранымы негізінде Ақмола облысы білім беру мекемелерінің директорлары үшін «Инклюзивті оқыту негізінде теңдік қатынасты қамтамасыз ету» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өтті. Көшпелі тәжірибелік сабақ 3 бөлімнен құрастырылды.
1-і бөлімде мектеп директоры Б.В.Сарсембаева мектеп-лицейінің оқу жүйесімен таныстырылды, жалпы білім беретін мектеп жағдайында ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу туралы логопед Л.Г. Акишева, арнайы педагог Р.К. Жусупова, педагог-психолог Ж.Б. Шегирова баяндама жасады.
2-і бөлімінде хореограф С.Г.Шокаева «Ырғақты би қимылдары», педагог-психолог Ж.Б. Шегирова «Зейін қою және шоғырландыру», логопед-мұғалім Л.Г. Акишева «Артикуляциялық жаттығулар», Арнайы педагог Р.К. Жусупова «Ойын арқылы логикалық ойлауды дамыту» тақырыптарында сабақ үзіндісін көрсетіп, математика пәні мұғалімі Копенова Гульмира Кенесовна «Ойын арқылы логикалық ойлауды дамыту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
3-і бөлімінде көшпелі тәжірибелік сабақ алаңы кері байланыс, пікір-алмасумен аяқталды.