АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАР ҮШІН МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА БІРЫҢҒАЙ ҰСЫНЫСТАР (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес)

11.09.2023

1. Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Осы талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.
2. Талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердің (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру.
3. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдарының фойесінде, ал таныстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының Интернет-ресурстарында жарияланады.
4. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
5. Мектеп формасының түсі – қара көк.
6. Мектеп формасының фасоны классикалық стилде.
7. Ұлдардың мектеп формасы:
қара-көк түсті пиджак , жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка), ақ немесе бір түсті көйлек, түймелері бар немесе сыдырмалары бар тоқылған қара-көк түсті күрте, бір түсті поло жейде немесе тенниска (қысқы кезең: тоқылған жилет, жемпір). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Мектеп формасында түрлі конфессиялардың діни киімдердің элементтері болуына рұқсат берілмейді. Ұсыныс минимумы: жилет және шалбар.
8. Қыздардың мектеп формасы:
қара-көк түсті пиджак, жилет, белдемше, белдемшенің ұзындығы тізеден 4 см қысқа, 4 см ұзын болмауы керек, шалбар, ақ немесе бір түсті классикалық жейде және түймелері бар немесе сыдырмалары (замок) бар тоқылған қара көк түсті күрте, бір түсті поло жейде немесе тенниска (қыста: тоқылған жилет, сарафан, жемпір), трикотаж жилет, сарафан, водолазка. Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, белдемшенің ұзындығы офистік. Мектеп формасында түрлі конфессиялардың діни киімдердің элементтері болуына рұқсат берілмейді. Ұсыныс минимумы: жилет және юбка немесе сарафан.
9. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
10. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
11. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
12. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады, 75-85% табиғи маталар (мақта, жүн және басқа) және киім қатты қыртыстанбау үшін 15-25% синтетика қосылған маталар ұсынылады.
13. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді.


14. Орта білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрі – Басшы) және қоғамдық кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы Талаптарды басшылыққа алады.
15. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.
16. Басшы осы Талаптармен ата-аналарды немесе заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда) беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады.

 

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст