Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын өткен жылдардағы жолдауда айтылып іске асырылған игілікті істерді айта отырып қазіргі уақытта Қазақстан халқын алаңдатып отырған түрлі саяси және экономикалық мәселелерге қатысты мемлекеттің бағыт бағдарымен таныстырып нақты қадамдарды анықтады. Президент сөз басында «2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды» дей келе осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс» деп тоқталып өтті.
Әрине оқу ағарту саласының қызметкерлері ретінде бізді жолдауда айтылған мемлекет басшысының бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізілетіндігі . Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы болатындығы қуантып тастады. Жолдауда айтылған «Келешек» жинақтау жүйесімен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік туады. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы.
Сәкен Жүнісов атындағы
№18 мектеп лицейінің директоры Сарсембаева Б.В