Текст
Ақмола облысында өткен республикалық тамыз конференциясы аясында Көкшетау қаласы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейіне Батыс Қазақстан облысынан 8 өкіл, Қызылорда облысынан 2 өкіл тәжірибе алмасу мақсатында келді.
Тәжірибе алмасу барысында Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде экскурсия ұйымдастырылды, келген қонақтар мектеп-лицейі тынысымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.