Текст
Мен, Озбаки Мұртаза Сәкен Жүнісов атындағы 18 мектеп-лицейінің түлегімін. Біз 2021 жылы Ақмола облысы,Көкшетау қаласына Иран елінен отбасымызбен тарихи отанымызға оралдық. Келген уақытта барлық жағдайымызды жасап,қолдау көрсеткен Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевқа, Облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіповке айтар алғысым шексіз.Бүгінгі күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Ақпарат құралдары “ мамандығының грант иегері атандым.Осындай биік жетістікке жеткенім ұстаздардың арқасы. Осы тұста ұстаздар ұжымына және пән мұғалімдеріне үлкен ризашылығымды білдіремін.