31 мамыр Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні тарих пәні мұғалімі Абилкадыров А.Б. және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Камашева Б.Ш. ''Құрмет. Тағзым. Тағылым'' атты тарихи танымдық музей сағатын өткізді. Іс- шараға Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9 "А" сынып оқушылары қатысты. Тарихи танымдық музей сағатының барысында қауымдастық мүшесі Арман Баянұлы саяси репрессия, тоталитарлық жүйе зұлматы және оның зардаптары жайлы ой бөліссе, Бағлан Шекешқызы Мағжан Жұмабаевтың көркем әдебиетте алар орны, ұлттық құндылықтарға толы поэзиясы туралы,елдің арда азаматтары , ұлт зиялылары және олардың жақындарының тағдырлары жайлы мағлұматтар берді. Музей қызметкері Бибігүл Бейсенбайқызы Көкшетаулық алаш зиялы қауымы жайлы деректермен бөлісіп, жәдігерлермен таныстырды. Іс шара соңында оқушылар өз сұрақтарына жауап алып ой пікірлерімен бөлісті.