Текст
«Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында 3 «А» сыныбының «Ақкөңілділік туралы» ашық сабағы жүргізілді. Балалар бұл пән арқылы өзіне терең мән берудің алғашқы қадамдарын жасай отырып, адамгершілік пен мейірімділік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды өз бойына қалыптастырды. Ақкөңіл адам айналасына жылу шашып, үнемі көмек беруге даяр тұратын. шаттық пен бақыт сыйлайтын адам екеніне көз жеткізіп, осы қасиеттерді өз бойынан таба білуге үйренеді.