Текст
"Табиғат-тіршілік көзі" облыстық экологиялық олимпиадасы 2023 жылдың 21-23 ақпан аралығында Бурабай ауданы Щучинск қаласы,жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі базасында өтті. Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-10 сынып оқушылары қатысты.
Облыстық олимпиада 3 турдан өтті:
1 турда: балалар тест бойынша сұрақтарға жауап берді.
2 турда: экологияға байланысты практикалық тапсырмалар орындады.
3 турда: зерттеу жобаларын қорғады.
"Zhasyl El" номинациясы бойынша Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 8"ә" сынып оқушысы 1 жүлделі орынға ие болды.