Текст
24-ақпан күні Кәсіби бағдар беруден “Мастер-класс” өтті. “Басында кәсіби бағдар деген не? Болашақ мамандықты қалай таңдаймыз?”-деген сұрақтарға жауап қайтарылды,бағыт-бағдар берілді.Мастер-классқа мектебіміздің ата-аналары,мұғалімдері және оқушылары қатысты. Мастер-класста ата-аналар оқушылармен бірге тамақ әзірледі,қалта тікті және жүннен моншақ жасады.Уақыттарын бөліп мастер-класс көрсеткен ата-аналарға және еңбек мұғаліміне алғысымыз шексіз. Мастер-класста үйренгендерін оқушыларымыз болашақта әрі қарай дамытады деген үміттеміз!