Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 2019 жылдың 13 желтоқсанында Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына және Тәуелсіздік күніне арналған «Алтын Орда және Тәуелсіз Қазақстан тарих пен тағылым»тақырыбында қалалық тарихи-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Отан тарихы және рухани жаңғыру кафедрасы меңгерушісі Қайыржанова Айнұр Таласбекқызы. Ш.Уалиханов университеті доктаранты , оқытушы Шапкенов Амангелді Асқарбекұлы, Ақмола облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызыметкері Укеев Жасұлан Кәрімұлы, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің IV курс студенті Тайманова Айнұр және қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.Конференция модераторы Сарсембаева Баян Вахитовна қатысушылар мен қонақтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап конфернция жұмысын бастап жіберді. Бірінші болып сөз алған Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, қалалық тарих пәні әдістеме бірлестік жетекшісі-Абилкадыров Арман Баянұлы Алтын Орданың Қазақ тарихындағы маңызына тоқталып 9 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында өткен қалалық тарих апталығында Алтын орданың 750 жылдық мерейтойы мен тәуелсіздік күніне арналған іс шаралар жайлы есеп беріп қалалық әдістемелік бірлестіктің болашаққа жасаған жоспарлары мен бөлісті. Келесі кезекте Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті, оқытушысы, доктарант Шапкенов Амангелді Асқарбекұлы «Алтын орда және Қазақ мемлекеттілігі» тақырыбында баяндама оқып Ақмола облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызыметкері Укеев Жасұлан Кәрімұлы. «Ұлытау –Алтын орданың бесігі» атты экспедиция жұмысы нәтижесімен таныстырды. IV курс студенті Тайманова Айнұр «Алтын орда дәуіріндегі- Ақмола өңірі» тақырыбында ойымен бөлісті. №11 мектептің оқушысы Колесник Екатерина «Реализация программы Рухани Жаңғыру: итоги и перспективы» таныстырылымы арқылы Қазақстанның қасиетті жерлеріне жасаған саяхаттарынан алған әсерлерімен айтты. №6 орта мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Сексенова Дильназ «Алтын орда ұлысынан тәуелсіз қазақ еліне дейін» тақырыбында баяндама жасады. Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ғалымжан Аружан «Туған жерімдегі Алтын орда жәдігерлері» атты баяндамасында 2019 жылы тамыз айында Қазақстан археологиясындағы сенсациялық жаңалық болған Солтүстік Қазақстан облысы Береке ауылы маңынан табылған Жошы әулетіне қатысты мазарлар мен қоныс орны жайлы ақпаратпен бөлісті. Бұл баяндама конференция қатысушыларын қызықтыра түсті.
Конференция соңында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті Тарих,заңтану,өнер және спорт факультеті деканы Бексейітова Ақбота Тастанбекқызы және Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп –лицейі директоры Сарсембаева Баян Вахитқызы меморандумға қол қойды.
Меморандумда Тараптар арасындағы ынтымақтастық келесі салаларды қамтиды:
«тарих, заңтану, өнер және спорт» факультетінің студенттерінің тәжірибеден өтулеріне қолдау көрсету және жағдай жасау;
ортақ екі жақты ғылыми симпоизиумдер, семинарлар мен конференциялар өткізу;
ортақ мүддені білдіретін жобалар мен бағдарламаларға тараптардың өзара қатынасуы;
өзекті және ортақ мүддені білдіретін мәселелер бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру;
білім саласында инновациялық технологияларды дамыту және ендіру бойынша ортақ шараларды өткізу;
мектеп оқушылары мен университет студенттерін кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларға қатыстыру;
«мектеп» базасында «университет» тарапынан өткізілетін ғылыми, әдістемелік, тәжірибелік және эксперименттік жұмыстарының өткізілуін қолдау;
«университет» тарапынан мектептегі «Жас археологтар клубының» ашылуына қолдау көрсету және оның қызметін сүйемелдеу;
Конференция өз жұмысын үздік оқушыларды Республикалық «Жас ұлан» жасөспірім және балалар ұйымына қабылдау рәсімі және үлкен мерекелік ән шашумен аяқталды.