«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын – алу және дауларды бейбіт жолмен шешу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Көкшетау қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция аға учаскелік полиция бөлімінің майоры Кошкенова Айжан Омирбаевна. Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрайымы Оспанова Дариға Қазбекқызы. Республикалық
"Сенімен болашақ" Ақмола облысы бойынша ата-аналар қоғамдық бірлестігінің директоры Айгуль Кайратовна қатысты.
Күн тәртібі бойынша төмендегі сұрақтар қарастырылды.
1. Көкшетау қаласы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық бойынша мәлімет беру.
2. «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын – алу және дауларды бейбіт жолмен шешу'.
3. 2022 жылғы мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы есебі.
4. Жаңа жыл кештерін ұйымдастырып өткізуге арналған бұйрықпен таныстыру.