Сәкен Жүнісов атындағы № 18 лицей мектебінде 15 желтоқан күні 6 -шы сыныптарда ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім»
Мақсаты : Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сыныптарда сынып сағаты мемлекеттік әнұранмен басталды. Дәріс барысында тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен перспективалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтылды. Сабақ барысында оқушылар көптеген тапсырмалар орындап белсенділік танытты. Сабақ әрбір сыныпта өте ерекше әрі қызықты өтті.