Текст
Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің қабырғасында әкелер алқасының жұмысын жандандыру мақсатында «Әке мен бала» атты 25.11.2022ж. дөңгелек үстел өткізілді. «SENIMEN BOLASНAQ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының директоры Айгуль Кайратовна Нурмаганбетовамен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға Ақмола облыстық «Әкелер алқасының» төрағасы Ерлан Жакимович Закирьянов, мектебіміздің белсенді әкелері қатысты. Отырыс барысында алдағы жұмыстар белгіленіп, жоспар құрылды.