Қараша айының 22 күні Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 толуына орай "Махаббат , қызық мол жылдар" тақырыбында 10-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: "Махаббат , қызық мол жылдар!"атты шығармасын талдай отыра оқушылардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, басты кейіпкер бойынан жақсы қасиеттерін үлгі тұту. Дөңгелек үстел барысы:
1.Ә.Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығы.
2.Жастарға айтқан үлгі өсиет сөздері.
3.Махаббат,қызық мол жылдар" кітабына шолу жасау бөліктері бойынша өтті.
Іс шара барысында Жамбет Аружан мен Сағатай Айғаным Ә. Нұршайықовтың өмірі мен қызметі туралы баяндама жасады.Кітап кейіпкерінің тағдырына байланысты оқушылар көп сұрақтар қойды