ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет Басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
2022 жылы әрбір грантқа 3 млн.теңгеден 30 грант берілетін болады.Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген ҚР кез-келген азаматы үміткер бола алады.
Гранттар ҚР азаматына бұл бағыттар бойынша беріледі:
⚗️«Ғылым»;
🎼 «Мәдениет»;
📲 «Ақпараттық технологиялар»;
🏦 «Бизнес»;
📻 «Медиа».
Толығырақ ҚР АҚДМ сайтында