АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан ұстаздар көшбасшылығы» жобасының қорытынды конференциясы

09.06.2022

          2022 жылдың 9 маусым күні Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» жобасының қорытынды конференциясы өтті. Конференция екі бөлімнен құрылды: 1- пленарлық бөлім. Пленарлық бөлімде «Көшбасшылық лауазым емес, көшбасшылық-әрекет» тақырыбында негізгі баяндама оқылды. Баяндамашы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің директоры Сарсембаева Б.В. «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы жобасындағы фасилитатордың алатын орны» және «Көркем шығарма оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту» тақырыптарында қосымша баяндамалар ұсынылды. Баяндамашылар фасилитатор Капарова А.Н., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бришева М.А.
2- секциялық бөлім 4 бағыттан құрылды:
1.Қоғамдық-гуманитарлық бағытында  модератор А.С.Аубакиров
2.Жаратылыстану-математикалық бағытында модератор Д.О. Бельгибаева
3. Бастауыш сыныптар бағытында А.Н.Капарова
4. Шет тілдер бағытында  А. Әбілханқызы 
          Секциялық бөлімде 12 мұғалім өздерінің мәселелерін ортаға салды.
          Конференцияға Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы А.Б.Нугертаева, «Бәріне арналған мектеп» қоғамдық білім беру қорының директоры, ҚҰҚ жобасының стратегиялық тобының мүшесі Г.Закаева, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ ректоры, ҚҰҚ жобасының стратегиялық тобының мүшесі Г.Қанай, «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» жобасының Ақмола облысы бойынша үйлестірушісі Г.М.Таласпаева, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Болашақ сарайы» ШЖҚ МКК басшысының орынбасары А.С.Аубакиров, Көкшетау қаласы бойынша аталмыш жоба қатысушылары №1 МГ директоры С.К.Нурканова және фасилитаторы М.Б.Бейсенбаева, №13 «Экос» МГ директоры С.Б.Ахметжанова және фасилитаторлары Г.Б.Ибраева, Г.Т.Изтелеуова, №17 МГ директоры Р.С.Хасенова қатысты. 
          «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» жобасының стратегиялық тобының мүшелері Г.Закаева мен Г.Қанай ZOOM  платформасы арқылы онлайн форматында №18 мектеп-лицейінің көшбасшы ұстаздарына өздерінің алғыстарын білдіріп, конференцияның жұмыс барысына сәттілік тіледі. Кері байланыс барысында шақырылған қонақтар алғыстарын білдіріп, оң пікірлерін білдірді.
Конференция соңында Қазақстан Республикасы бойынша жоба ұйымдастырушыларының алғыс хаттарымен фасилитаторлар А.Н.Капарова, Д.О.Бельгибаева және Әбілханқызы Асыл марапатталды. 
          Сондай-ақ, 2021-2022 оқу жылындағы республикалық және халықаралық кездесулерде өз мәселелерімен бөліскен көшбасшы ұстаздарға М.А.Бейсековаға, А.Ж.Зикенге, Г.Т.Сагиноваға, С.А.Калиеваға, Б.Г.Рамазановаға  жоба үйлестірушілерінің алғыс хаттары табысталды.

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст