Текст
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай-2019» облыстық фестивалі өткізілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқау бұл жолы «Жастар жылына» арналды. «Инклюзивті білім беруді дамыту» бағытын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған байқауға облыстың әр өңірінен келген мүмкіндігі шектеулі оқушылар қатысып, бақ сынады. .
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шара еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамыту, қоғамдық ортада өздерін еркін сезінуге көмектесу. Осы сайысқа «Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің» 2 «Е» сынып оқушысы Құрманбай Кәусар қатысып сертификатқа ие болды.