Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы жеті қырының бірі «Аң стилі». Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Жалпы «Аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.
2018-2019 оқу ж. Сәкен Жүнісов атындағы №18 ОМЛ «Біз-Қазақстанның болашағы» тақырыбындағы бастауыш сыныптардың апталық аясында бірінші сыныптар арасында көпшілікке таныту мақсатында «Аң стилі» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Суреттері өте тартымды, тақырыпқа сай суреттелген. Оқушылар сайысқа белсенді қатысты.