Текст
2019 жылдың 1-ші наурызында Астана қаласының "Нұр әлем" EXPO ғимаратының павильонында "Жас дарын" алғашқы Республикалық кітап жинағының презентациясы бойынша маңызды іс-шара өтті. Кітапқа еліміздің талантты да дарынды оқушылары енді. Оның ішіне кірген Көкшетау қаласының С.Жүнісов атындағы нөмір 18-ші орта мектеп-лицейінің 11сынып оқушысы Балмашев Ернұр болды. Іс-шараға шақырылған құрметті де сыйлы қонақтарының бірі Қазақстан Республикасының елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков өз қолынан кітап табыстап, "Жас дарын" төсбелгісін тақты. Педагогика ғылымдарының кандидаты, Білім және ғылым министрлігінің "Мемлекеттік тарих институты" бөлімінің басшысы Калиев Жабай Нұрланұлы 1-ші дәрежелі Дипломын сыйға тартты.