Текст
20 наурыз күнi 2 Г сыныбында "Наурыз - жыл басы" атты тәрбие сагаты өтті. Ic- шараның мақсаты - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесiн дәріптеу, ұлттық құндылықтарга тәрбиелеу. Оқушылар өлең оқып,ән айтумен қатар ауыз әдебиетінің озық үлгілерi шешендік сөздер,, мақал - мәтелдер, жұмбақ - жанылтпаштар, бата айтып жарысты. Мерекеге оқушылар мен бiрге ата - аналар аса кызыгушылыкпен катысып, "Тұсау кесу" дәстүрін өте сәтті көрсетті.Ата - аналар Қыдыр ата образын сомдау арқылы мереке маңызын аша түсті. Ұлттық тагамдардан дастархан жасалып, наурыз көже iшiлдi.