23 ақпан күні, С.Жүнісов атындағы №18 ОМЛ жазушы , драматург, қоғам қайраткері, аудармашы, сыншы, публицист Сәкен Нұрмақұлы Жүнісовтың 85 жылдық мерейтойына орай,Сәкеннің арнау өлеңдері мен замандастарының ақынға арнаған өлеңдерін көпшілікке таныстыру, насихаттау мақсатында "Ел- Сәкен жайында, Сәкен -Ел жайында" деген тақырыппен Сәкен оқулары өтті. Бұл іс-шараға мектептің барлық ұстаздары мен шаруашылық ұжымының жұмысшылары да ат салысты.Іс-шараны мектеп басшысы Сарсембаева Баян Вахитовна арнау өлеңін оқумен ашып, әкімшілік ұжымы жалғастырды. Мектептегі әр әдістеме бірлестіктері ақынның арнау өлеңдерін мәнерлеп,нақышына келтіре оқыса, шаруашылық қызметкерлері де мерейтой иесі жайлы айтылған пікірлер мен ақпаратты мазмұнды да мәнді түрде айтып берді. Бұл іс-шараны ұйымдастырып өткізген қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Бришева Маржан Амангельдиновна және Амрина Альбина Бакытовна.