Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толды. Осы күнге орай мектебімізде 11 ақпан күні Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тақырыптық сынып сағаттары, 6 «В» сыныбында «Ауған ақиқаты» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Мақсаты солақай саясаттың құрбаны болған жастар жайлы мағлұмат беру. Жат жердегі соғыстың тарихи маңызын анықтау. Отан алдындағы парыз , туған жер үшін өз-өзін құрбан ету сияқты қасиетті борыштың не екенін кейінгі толқынға үлгі ету. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Қатысқан құрметті қонағымыз: Ауған соғысының ардагері Кенжебеков Ауесхан Оралович. Іс-шара барысында оқушылар мен ардагер арасында ашық әңгіме өрбіп, оқушыларға естеліктерін айтып, Ауған соғысының астары жайлы әңгімелеп берді. Оқушыларда өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауап алды. Ауесхан Оралович өскелең жас ұрпаққа бейбіт күннің қадірін білуге, өз Отанын сүюге шақырды.