11.02.2022
Мектебімізде 2022 жылдың 03 ақпан күні «Құқықтық сауаттылық» тақырыбымен ата-аналар комитетінің мектепішілік жиналысы өтті.
Жиналысқа арнайы шақырылған Көкшетау қаласы ІІБ ЖПҚБ ЮПБ аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Сарбасова Сауле Сапаргалиевна, Ақмола облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы полиция подполковнигі Сыздыков Дархан Серікұлы, «Зерделі ұрпақ» жас қоғамдық бірлестігінің басшысы Оразбаева Гульнара Какеновна және ата-аналар комитетінің төрайымдары мен сынып жетекшілер қатысты.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу»
2. «Жаңа синтетикалық препараттар. Оларды қолдану белгілерін анықтау. Құқықтық сауаттылықты қалыптастыру»
3. «Бейбітшілік пен есірткісіз өмір»
4. 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдық қорытынды есебі.