20.12.2021
20 желтоқсан күні жас мамандарды кәсіби маман ретінде қалыптасуына және кадрлық әлеует жасауға көмек көрсету мақсатында, қазақ әдебиеті пәнінен Ш.Уәлихановтың «Ыстықкөл сапары күнделегі» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Пән мұғалімі, педагог- зерттеуші Камашева Б.Ш. интерактивті сервистер мен сайттардағы тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Шеберлік сабағына мектеп директоры Сарсенбаева Б.В. және оқу ісі меңгерушілері қатысып, жас мамандар мен педагог- зерттеуші мұғалімнің арасындағы тәжірибелік байланысқа жоғары баға берді.