09.12.2021
2021 жылдың 8 желтоқсаны күні Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде «Оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың мотивациясын көтеру» тақырыбында қала мұғалімдеріне семинар өтті. Семинарға 20 мұғалім қатысты.
№18 МЛ директоры Б.В.Сарсембаева семинарға қатысушыларды қарсы алып, Сәкен Жүнісовке арнап ашылған музеймен, инклюзивті орталықпен, «Рухани Жаңғыру» кабинетімен, этномәдениет бұрышымен таныстырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, жұмыс күніне сәттілік тіледі.
Семинар барысы 3 блоктан құрылды. Бастауыш буын, орта буын және жоғары буын. Әр буында үш ашық сабақтар мен сыныптан тыс факультативтік сабақтар өткізіліп, рефлексиялық коучингпен аяқталды. Коучинг барысында семинарға қатысушылар кері байланыс жасап, өткен семинарға қатысты ойларымен бөлісті.