Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні 2021 Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейі Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп өңірімізге белгілі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Көкшетау газетінің» редакторы Серік Жетпісқалиев және журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожамен журфикс өткізді. Іс-шараға мектебіміздің әдебиетке жаны құмар 8-10 сынып оқушылары, «Шамшырақ» балалар коворкингінің оқырмандары, колледж және университет студенттері қатысты. Шараның мақсаты балаларды қазақ әдебиетіне тарту, өңіріміздің әдеби мұрасын көркем құралдармен танымал ету. Балалар, жасөспірімдер мен жастарды еліміздің ұлттық мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау.
Кітапхананың кішкентай кітапқұмар оқырмандары, оқушылар мен студенттер шара қонақтарының өлеңдерін оқып, авторларға өздерінің жылы лебіздерін жеткізді. Кітапханашылар «Серік Жетпіқалиев – Кеудемде жыр қайнағанда!..» атты шығармашылығы бойынша дайындалған электрондық басылымдарды таныстырды. Мектеп кітапханасының қорына Қайырбай Төреғожаның «Көкжиек» және Серік Жетпісқалиевтің «Тасқайрақ» кітаптары сыйға берілді. Кеш соңында мектебіміздің оқушылары Сәкен Жүнісовке арналған арнау оқып, жазушының «Cақау бәтенке» әңгімесіне қойылым көрсетті.