2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінде жаңа оқу процесін 1-11 сыныптарда қатаң санитарлық – эпидемологиялық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқыту жоспарлануда. 1 қыркүйек Білім күні 1-сынып оқушылары үшін «Әліппе» оқулығын табыстау салтанаты мектеп алаңында санитарлық – эпидемологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі, 2-11 сынып оқушыларында тәрбие сағаты форматында өтеді.
Мектептерде дәстүрлі оқыту форматын ұйымдастыру кезінде мынандай шаралар сақталады:
1) Әрбір сынып «Бір сынып-бір кабинет» қағидаты бойынша белгілі бір кабинетте отырады
2) Кіреберісте медициналық қызметкерінің оқушылар мен педагогтың температурасын күнделікті өлшеуі;
3) Бетперде кию режимін қамтамасыз ету;
4) Кабинеттерді желдету және кварцтау;
5) Сынып бөлмелерін ылғалды тазалау;
6) Дәліздерді, холлдарды және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
Оқытудың дәстүрлі форматында біріңғай мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сонымен қатар классикалық үлгідегі киім киюге рұқсат беріледі.Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.