07.04.2021 жылы мектебіміз үшін онлайн-форматта елеулі іс-шаралардың бірі өтті.
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-сінің басшысы Башарова Дина Уразгалиевна, «Сәкен Жүнісов атындағы «№18 мектеп-лицейі» КММ-нің директоры Сарсембаева Баян Вахитовна, Ресей Федерациясы Омбы қаласының №112 жалпы орта мектеп директоры Лиханова Ольга Владимировна өзара халықаралық қарым-қатынас құру Меморандум келісіміне қол қойылды.
Келісім жасау мақсаты: мемлекет пен қоғам, ата-аналар, білім алушылардың сұранысына сәйкес сапалы білімді ұйымдастыру, іс-тәжірибесімен алмасу. Іс-шараға Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің тілдік пәндер жөніндегі әдіскері Дюсенова Гайни Омирбаевна, мектеп әкімшілігі және мектептің «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі» әдістеме бірлестіктерінің мұғалімдері қатысты.
Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің директоры Сарсембаева Баян Вахитовна кездесуді мектепті таныстырумен бастап, тілідік пәндер мұғалімдері өз жұмыс барысымен және жетістіктерімен Омбы қаласындағы әріптестерімен бөлісті. Меморандум шеңберінде жоспар құрылып, жоспарға сай екіжақты іс-шаралар белгіленді.Кездесу барысында жылы, достық атмосфера орнатылды.