АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 білім беру саласы үшін жетістік жылы болды

30.12.2024

 Халықаралық олимпиадаларға қатысқан әр екінші қазақстандық оқушы жүлделі орындарға ие болды. Ел құрамасы бас-аяғы 563 медальмен толыққан. Биыл сол ұстаздардың да еңбегі еленді. Ел тарихында алғаш рет екі педагог «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. 23 педагог Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алды. Ел мектептерінің 67%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Ендігі мақсат – қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту. Бұл бағытта «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы жүзеге асып жатыр. Ал әлеуметтік жағынан осал отбасы балаларын қорытынды емтихандарға дайындау үшін 2576 мектепте “Цифрлық ұстаз” жобасы іске қосылды. Осылайша, оқушылар электронды платформалар мен цифрлық білім беру ресурстарына қолжеткізді. Көпшілігі жоғары және техникалық-кәсіптік мамандық игеруге мүмкіндік алды.

 

Мереке Амангелдіқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі: - 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырыстарының көлемі 143 мың орынға өсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артқанын көрсетеді. Ал студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90 пайызды құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстардың 65 пайызы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс салаларына бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстандағы колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 79 пайызды құрайды. Білім беруде инклюзивті және кедергісіз орта құру маңызды. Осы бағытта мектептердің 90%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалды. Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Педагог-ассистенттер іске кірісті. Мереке Амангелдіқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі: - Мектептерде «педагог-ассистент» лауазымы енгізілді, бұл осы саладағы мамандардың санын бір жылда 1 мыңнан 2,5 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді. I және II топтағы мүгедектігі бар жандар, бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау квотасы 10%-ға ұлғайтылды. ПМПК ашудың нормативі 60 мың баладан 50 мың балаға дейін төмендетілді. Арнайы ұйымдар желісі көбейіп келеді. Олардың саны 496-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10 бірлікке артты. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған 96 қолдау бөлмесі ашылды. 600-ден астам арнайы оқыту бағдарламасы әзірленді. Бұдан бөлек, елде 200 мыңнан астам оқушы орны құрылды. "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы да апатты және үш ауысымды мектептердің азаюына ықпал етті. Жаңа оқу жылында әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 1,7 миллион мектеп оқушысы мен 97 мың балабақша тәрбиеленушісі тегін ыстық тамақпен қамтылды. Қазақстандық мектептердегі жоғары сапалы интернет көрсеткіші 3 есеге өсті. Авторы: Мерей Мұратханқызы

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/687449-bilim-beru-salasynda-zhetistik-k-p
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс

 

Просмотров: 367

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст