АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сәкен Жүнісовтың құрметіне арналған музей ашылды

25.02.2021

          «Көкшетау қаласы Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ-нің жылдық жоспары негізінде Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің қабырғасында Сәкен Жүнісовтың құрметіне арналған музей ашылды. 

          2017 жылы мектепке атақты ақын, жазушы, драматург, Сері Сәкен Жүнісовтың есімі берілген уақыттан бастап өскелең ұрпаққа тәрбиелілік мәні мол қазынасын дәріптеу мақсатында әртүрлі деңгейде ісшаралар ұйымдастырылып өткізілді. Бүгін Мәлік Ғабдуллин музейімен меморандум негізінде бірлесіп ашылған музейде қаламгердің шежіресі, Елбасымен кездесудегі суреттері,  жеке құжаттары, заттары,  көзілдірігі, портфелі,  жазбалар,  естеліктер,  дипломдар, марапаттары қойылған.

          Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне қаламыздың құрметті азаматтары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мысырәлімова Айна Ермекқызы,

          Қазақстан Республикасы сенаторлар кеңесінің мүшесі , жазушы-драматург Ерғалиев  Жабал Ерғалиұлы,  туысқаны, жерлесі атынан  Гибадилов Мейрам Мырзахметұлы,«Көкшетау қаласы Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ-ніңбасшысы Башарова Дина Оразғалиқызы, «Жанайдар Мусин атындағы Кокшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің» директоры Ахат  Нұртас Ахатұлы қатысты.  Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Рахымбекұлы Мырзабек музейдің құжаттарын мектеп-лицей директоры Сарсембаева Баян Вахитқызына ресми түрде табыстады.

          Осылайша, оқушыларға көзі тірісінде пайдаланған заттары арқылы оның екінші өмірін жалғастырып,  рухани азық болатын, өзінің туған өлкесін құрметтеуге тәрбиелейтін орынға айналмақ.

Просмотров: 450


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст