Текст
1-ші сынып оқушылары ақпан айында жеті күн қосымша демалады.Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 1 "Б" сыныбында "Менің қызықты демалысым" атты челенджі өтті. Жеті күнге созылған демалыс уақыты әр баланың есінде қалатындай қызықты болды. Бірі ауылдағы жақындарына жол тартса, бірі сүйікті ойыншықтарымен және жануарларымен ойнаса, енді бірі табиғат аясында серуендеумен өткізді.
Зымырап өте шыққан демалыс қызықты сәттерімен оқушылардың естерінде қалатындай болды.