Мемлекеттің бүгіні мен ертеңіне жауап беретін азамат екенін таныту, қоғамдық, көпшілік жұмыстарға тарту арқылы бала ойындағы мүмкіндіктерді ашу ,отанын қорғауға дайындық, саналы білім алуын қалыптастыру, ұлттық рухты бойына сіңірген, елжанды, отансүйгіш азаматтың тұлғасын қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан шараға, мектебіміздің белсенді оқушылары, оқу озаттары, пәндік олимпиада, ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары қабылданды. «Жас Қыран» жасөспірімдер ұйымына 10 оқушы қабылданса, «Жас Ұлан» балалар ұйымына 5-7 сыныптардан қалалық, облыстық, республикалық сайыс, конференция, жарыстарда жүлделі орындарға ие болған 15 оқушы қабылданды. Қабылдау рәсіміне мектебіміздің ардагер зейнеткер ұстазы география пәні мұғалімі З. Уатхан, бастауыш сынып мұғалімі Х. Тэмдэг апайларымыз қатысты. Жиын барысында мектеп директоры Баян Вахитқызы оқушыларды, мектеп ұжымын мерекелерімен құттықтап, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Жаңа қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беріп, рәсім жасады. Салтанатты жиын Республика күніне арналған мерекелік ән-шашу бағдарламасымен жалғасты.