Текст
9-11 қазан күндері Сандықтау ауданы «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагері базасында «Табиғат-адамзатқа аманат» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өтті. Форум нәтижесінде «Жасыл қала» номинациясы бойынша 10 “Б” сынып оқушысы Шәріп Айша ІІІ орынға ие болды, жетекшісі Каримжанов М.А. «Болашаққа көзқарас» номинациясы бойынша 10 “Б” сынып оқушысы Сеильбекова Наргиз ІІ орынға ие болды, жетекшісі Омиртай Н. «Идеядан іске асыруға дейін» лэпбук байқауы номинациясы бойынша 10 “Б” сынып оқушысы Ерланұлы Дархан ІІ орынға ие болды, жетекшісі Борамбай М.Ғ. Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!