Қараша айының 10 күні Көкшетау қаласындағы Жоғарғы техникалық колледжінде 9-сыныптарға арналған саяхат ұйымдастырылды. Басты мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын, оқу орындарын таңдауға көмектесу, мамандық әлемі , оның ерекшеліктері туралы дүниетанымдарын кеңейту. Жоғары техникалық колледжі саяхатына 9 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға түрлі мамандықтардың, оның ішінде 23 мамандық , 41 квалификация бар екенін түсіндіріп айтты. Әр мамандықтың ерекшеліктеріне тоқталып , практикалық сабақтарда жасаған заттарымен таныстырып өтті. 9 – сыныптан кейін, оқу мерзімі 3 жыл, 10 ай. Оқушыларға өте ұнады, колледж ішіндегі қолдан жасалған заттарға қызыға қарап,білгім келеді деген мәліметтерге сұрақтарын қойып, оған жауаптарын ала алды. Жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандық таңдау болғандықтан, осындай саяхаттар болып тұрған дұрыс деп ойлаймыз. Осындай саяхатқа шақырған жоғарғы техникалық колледжінің әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз!