Текст
Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейінде 4 қыркүйек күні 5-7 сынып оқушыларымен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының офицері аға лейтенант Амангельдинов Амир Сабитұлымен кездесуі өтті. Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздік және жер сілкінісі бойынша ережелер баяндалды. Сонымен қатар Апаттық Медицина Орталығының фельдшері Тары Манат оқушыларға әртүрлі жағдайларда шұғыл алғашқы медициналық көмек бойынша практикалық нұсқаулықтарды көрсетті.