Мектеп жанындағы жазғы лагерь демалушыларынан «Өмірдегі қауіпсіздік пен көмек» тақырыбында өмір қауіпсіздігі ережелері бойынша сауалнама алынды. . Жол қозғалысының заңға бағынатын қатысушыларын тәрбиелеу, оқушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру және қиын жағдайда өзара көмек беру мақсатында жүргізілді. Сауалнамада жолда жүру ережелері,су қоймаларындағы қауіпсіздік,табиғат аясында демалу кезіндегі жеке басы қауіпсіздігі,өрт қауіпсіздігі және бөтен адамдарман қауіпсіз қарым-қатынас жасау білу ережелері бойынша сұрақтар мен тест тапсырмалары қамтылды.Сауалнама барысында балалар жеке басының өмірін сақтау ережелерін жақсы білетіні анықталды.
Жауапты:Кулкатова А.К.