2019 жылдың 30 сәуір күні Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру» кабинетінің салтанаты ашылу рәсімімен «Ботай-дала өркениетінің бастауы» қалалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып өткізілді.
Кабинеттің салтанатты түрде ашу құрметі Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Кисимова Жанар Қазбековна мен «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Мәден Меруертке берілді. Салтанатты іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар мен қала мектептерінің оқушылары кабинеттің жұмыс бағыттарымен, атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Бағдарлама бойынша ұйымдастырылған Ақмола облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-нің «Өлкетану – мәңгілік ел мұрасы» тақырыбындағы көрмені тамашалаған қонақтар, мәжіліс залында өткен ғылыми – практикалық конференцияға қатысты. Конференция барысында Көкшетау қаласы тарихи өлкетану музейі директоры Шакшаков Қуаныш Ғибадатұлы «Ботай-дала өркениетінің қалыптамасы» баяндамасын оқыды. Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Абилкадыров Арман Баянұлы 2017- 2018 оқу жылында Ботай қонысында өткен археологиялық экспедицияның қорытындысы және алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. 11 сынып оқушылары Ботай қонысындағы археологиялық экспедицияға қатысушыларының есебі және шеберлік сыныбын көрсете білді. Өткізілген ауқымды да, маңызды іс-шараға келген қонақтарымыз өздерінің ризашылықтарын білдірді.