АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3-ші сыныптар арасында «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» атты сайыс

ыыыыыыыыыыыыыыыы

      «Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 3-ші сыныптар арасында  «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» атты  сайыс өтті.

      Бұл сайысқа әр сыныптан екі оқушыдан қатысты.Қатысатын он екі бала екі топқа бөлінді.Бірінші топ: «Алғырлар»,ал екінші топ  «Тапқырлар» болып атанды.

         Сайыс бес бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде әр топ үй жұмыстарын көрсетті,яғни өз аттарын және ұрандарын

а йтты.Екінші бөлімде топтар логикалық сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде білімге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастырды.Сонымен қатар жасырынды түрде берілген мақалды шешіп,мағынасын ашты.Төртінші бөлімде пәндер бойынша әр түрлі сұрақтар қойылды.. Келесі бөлімде оқушылар жұмбақтарды шешіп,оның жауабын үш тілде айтты.Содан кейін әр топтағы әр  оқушыға жеке суреттер беріліп, сол бойынша балалар суретті үш тілде айтып, соған байланысты жұмбақтар құрастырды,ал залда отырған көрермендер оларды шешуге тырысты.

​        Әр топтың оқушысы сайысқа белсене қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды.

        Әділ-қазылар алқасы сайысқа қорытынды жүргізіп,оқушыларды мадақтама қағаздарымен марапаттады.

 

Жауапты мұғалімдер:Жанбосынова Г.,А.Ташикова Т.Н.

          

Жаңартылған күні: 12.04.2019 10:15
Құрылған күні: 12.04.2019 10:23

Текст